Стела «Темиртау» с орденом Трудового Красного знамени

 

(пр. Металлургов)

22 января 1971 года Указом Президиума Верховного Совета СССР город Темиртау, первым среди городов Казахстана, был награждён орденом Трудового красного знамени. 

В этой награде сосредоточились десятилетия напряжённого труда темиртаусцев: в тяжелые годы войны возводили турбины Карагандинской районной электростанции, завода синтетического каучука, пускали первую казахстанскую сталь, в послевоенные годы строили цеха Казахстанской Магнитки и жилые микрорайоны молодого Темиртау.

Торжественная церемония вручения ордена проходила на сцене Дворца культуры металлургов. Орден и знамя вручал Председатель Совета министров КазССР Ашимов Б.А.

На центральной площади Темиртау состоялся многотысячный митинг. Здесь собрались те, кто выковал трудовую славу родного города – металлурги, химики, энергетики и строители.

Сейчас оригинал ордена Трудового Красного знамени и само знамя хранятся в Темитауском историко-краеведческом музее. Их можно увидеть в экспозиции зала «История города».

 


 


 

 

Еңбек Қызыл Ту орденімен «Теміртау» стеласы

 

( Металлургтер даңғылы)

1971 жылы 22 қаңтарда КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Теміртау қаласы Қазақстан қалалары арасында бірінші болып Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды.

Бұл марапат теміртаулықтардың ондаған жылдар бойғы қажырлы еңбегінің нәтижесі: соғыстың ауыр жылдарында Қарағанды аудандық электр станциясының турбиналары, синтетикалық кәушік зауыты салынды, алғашқы қазақстандық болат берілді, соғыстан кейінгі жылдары Қазақстан Магниткасының цехтары мен жас Теміртаудың шағын аудандары салынды.

Орденді салтанатты тапсыру рәсімі Металлургтердің мәдениет сарайының сахнасында өтті. Орденді және туды ҚазКСР Министрлер Кеңесінің төрағасы Б. А. Әшімов тапсырды.

Теміртаудың орталық алаңында мыңдаған адамның қатысуымен шеру өтті. Мұнда туған қаласының еңбек даңқына үлес қосқан – металлургтер, химиктер, энергетиктер және құрылысшылар жиналды.

Қазір Еңбек Қызыл Ту Орденінің түпнұсқасы және тудың өзі Теміртау тарихи-өлкетану музейінде сақтаулы. Оларды «Қала тарихы» залының экспозициясынан көруге болады.