Карагандинская районная электростанция №1. ТОО «Bassel Group LLS» 

 

(пр. Республики, 130)

В годы советской индустриализации начинается активная разработка Карагандинского угольного бассейна. Особенно остро встает вопрос о недостатке водных и энергетических ресурсов.

Решением ЦК ВКП(б) от 15 августа 1931 года была утверждена необходимость строительства электростанции для нужд карагандинских шахт.

Постановлением Главэнерго СССР в начале 1932 года было создано Управление КарГРЭСстрой, задачей которого было возведение плотины на р. Нуре и Карагандинской государственной районной электростанции № 1 (КарГРЭС-1).

В апреле 1934 года был утверждён технический проект электростанции мощностью 100 МГвт, составленный Московским отделением института «Теплоэлектропроект».

На строительство было привлечено 1100 рабочих и служащих, в том числе 46 инженерно-технических работников. Стройка располагала 37 тракторами, 32 грузовыми машинами, 3 локомобилями.

Для усиления кадров строителей КарГРЭС-1, Главэнерго СССР перебросил в п. Самаркандский 50 инженеров и техников, работавших ранее на сооружении Днепропетровской гидроэлектростанции (Украина).

В разгар Великой Отечественной войны, в сентябре 1942 года, по направлению Наркомата электростанций СССР со Штеровской ГРЭС (Украина) в п. Самаркандский были эвакуированы опытные энергетики с необходимым оборудованием. «Многое в дороге потерялось или попало не по адресу – вспоминал монтажник Иван Грицаенко. Наш котёл был построен на Украине, потом его разрезали на части и привезли сюда. Не хватало квалифицированных электросварщиков, к тому же стояли 30-40 градусные морозы».

18 октября 1942 года первая очередь КарГРЭС-1 вступила в строй и дала промышленный ток.

С 2005 года Карагандинская районная электростанция № 1 принадлежит компании «Bassel Group LLS». Основное направление деятельности — производство электрической энергии для предприятий города Темиртау и тепловой энергии для отопления старой части города.

 


 


 

 

№1 Қарағанды аудандық электрстанциясы. «Bassel Group LLS» ЖШС

 

(Республика даңғылы, 130)

Кеңестік индустрияландыру жылдарында Қарағанды көмір бассейнінің белсенді дамуы басталды. Әсіресе су және энергия ресурстарының жетіспеушілігі туралы мәселе өзекті болды.

1931 жылғы 15 тамыздағы БКП(б) ОК шешімімен Қарағанды шахталарының мұқтаждықтары үшін электр станциясын салу қажеттілігі бекітілді.

КСРО Басэнерго басқармасының қаулысымен 1932 жылдың басында Қаргрэсқұрылыс басқармасы құрылды, оның міндеті Нұра өзенінде бөгет және № 1 Қарағанды мемлекеттік аудандық электр станциясын (ҚарГРЭС-1) салу.

1934 жылдың сәуірінде «Жылу электр жобасы» институтының Мәскеу бөлімшесі құрастырған қуаты 100 МГвт электр станциясының техникалық жобасы бекітілді.

Құрылысқа 1100 жұмысшы мен қызметші, оның ішінде 46 инженерлік-техникалық қызметкер тартылды. Құрылыс алаңында 37 трактор, 32 жүк көлігі, 3 локомобиль жұмыс істеді.

ҚарГРЭС-1 құрылысшыларының кадрларын күшейту үшін КСРО Бас энерго басқармасы бұрын Днепропетровск су электр станциясының (Украина) құрылысында жұмыс істеген 50 инженер мен техниктерді Самарқанд кентіне көшірді.

Ұлы Отан соғысының қызу шағында, 1942 жылдың қыркүйегінде, КСРО электр станциялары Халық Комиссариатының жолдамасы бойынша Штеров ГРЭС-нен (Украина) Самарқанд кентіне қажетті жабдықтар мен тәжірибелі энергетиктер эвакуацияланды. «Жолда көп нәрсе жоғалды немесе басқа мекен – жайға кетті – деп монтажшы Иван Грицаенко есіне алады. Біздің қазан Украинада жасалды, содан кейін оны екіге бөліп, осында әкелді. Білікті электр дәнекерлеушілер жетіспеді, оған қоса 30-40 градус аяз болды».

1942 жылдың 18 қазанында ҚарГРЭС-1 бірінші кезегі іске қосылып, өнеркәсіптік тоқ берді.

2005 жылдан бастап № 1 Қарағанды аудандық электр станциясы «Bassel Group LLS» компаниясына тиесілі. Қызметінің негізгі бағыты - Теміртау қаласының кәсіпорындары үшін электр энергиясын және қаланың ескі бөлігін жылыту үшін жылу энергиясын өндіру.

 


 


 

 

 

 

-->