(ул. Панфилова, 20)
Сталинский неоклассицизм. Сдан в эксплуатацию в 1939 году.
В 30-е годы ХХ века начинается активное развитие промышленности Казахстана. Шефство над молодой республикой берет Ленинградская область.
Эти события отразились в промышленности и во внешнем облике п. Самаркандского (с 1945 года – г. Темиртау). Первые инженеры в п. Самаркандский прибыли из Ленинграда и Ленинградской области, первые многоэтажные дома были построены по ленинградским проектам.
Строительство домов началось в 1937 году. Первым в эксплуатацию был сдан дом по ул. Панфилова, 20. В дом были заселены инженеры с семьями, прибывшие в п. Самаркандский из Ленинградского гидрологического института и из Запорожья (Украина) с Днепровской гидроэлектростанции.
Сторожилы города вспоминают, что какое-то время, с балкончиков только заселенных новостроек, раздавалось блеяние и кукареканье. Это новоселы забирали с собой в многоэтажки скот, который раньше содержали в саманных домах.
В послевоенные годы застройка этой части г. Темиртау продолжилась и окончательно сформировалась к середине 60-х годов ХХ века.
Сейчас эту часть города, темиртаусцы называют Старый город. Его архитектура напоминает улочки Ленинграда (г. Санкт-Петербург) и является уникальной для молодого г. Темиртау.
(Панфилов к-сі, 20)
Сталиндік неоклассицизм. 1939 жылы пайдалануға берілді.
ХХ ғасырдың 30-жылдары Қазақстан өнеркәсібінің белсенді дамуы басталды. Ленинград облысы жас республиканы қамқорлыққа алады.
Бұл оқиғалар өнеркәсіп пен Самарқанд кентінің (1945 жылдан – Теміртау қаласы) сыртқы келбетінде көрініс тапты. Самарқанд кентіне алғашқы инженерлер Ленинград пен Ленинград облысынан келді, Ленинградтық жобалар бойынша алғашқы көп қабатты үйлер салынды.
Үйлердің құрылысы 1937 жылы басталды. Бірінші болып Панфилов көшесінде орналасқан 20-шы үй пайдалануға берілді. Үйге Ленинград гидрологиялық институтынан және Запорожьедегі Днепр су электр станциясынан (Украина) Самарқанд кентіне келген инженерлер отбасымен қоныстанды.
Қаланың ескі тұрғындары біраз уақыт бойы жаңа ғимараттардың балкондарынан маңыраған дауыстар мен әтештің үні естілгенін еске алады. Бұл жаңа қоныстанушылар өздерімен бірге көп қабатты үйлерге бұрын саман үйлерде ұстаған малдарын алып келген екен.
Соғыстан кейінгі жылдары Теміртау қаласының осы бөлігінің құрылысы жалғасып, ХХ ғасырдың 60-шы жылдарының ортасына қарай түпкілікті қалыптасты.
Қазір қаланың бұл бөлігін теміртаулықтар Ескі қала деп атайды. Оның сәулеті Ленинград (Санкт-Петербург) көшелеріне ұқсайды және жас Теміртау қаласы үшін ерекше.